424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің бірқатар саласына шетелден құйылатын инвестиция артады

  • 395
  • UPD: 20:52, 05.12.2019
Еліміздің бірқатар саласына шетелден құйылатын инвестиция артады

Қазақстандағы мәдениет, өнер және спорт салаларына шетелдерден келетін инвестиция көлемі ұлғаяды.

Осы мақсатта G-Global ұйымы мен Harmony халықаралық қоры келісім-шартқа қол қойды. Тараптар алдағы уақытта «Бір белдеу, бір жол» форумында келісілген жоспарларды дамытуды қолға алмақ. Келер жылы Халықаралық мәдениет конгрессін өткізуді де жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Қазақстан осы меморандум арқылы экономикалық тұрақты дамуды ілгерілетіп, үкіметтік емес ұйымдар байланысын бекіте  түспек.

Айта кетейік, G-Global халықаралық жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылды. Бағдарлама аймақтық және жаһандық қауіпсіздік, адами капиталды дамыту мәселелерімен айналысады.

Хабар 24 телеарнасы