Жыл қортындысы бойынша 90, 5 млн тонна мұнай өндіру жоспарланған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қара алтынның басым бөлігі Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарына тиесілі. Яғни, аталған кеніштердегі ірі жобалар өз нәтижесін беруде. Сондай-ақ Теңіз кен орнынын кеңейту арқылы 2023 жылға дейін өндіріс көлемін 100 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Жоба құны-37 млрд долларды құрайды. Іске қосылған кезде жылдық қуаттылық 12 млн тоннаға артады. Ал, еліміздегі қалған кен орындарында өндірістің табиғи төмнедеуі байқалады.
Әсет Мағауов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:
- 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында мұнай өндіру жоспарының алдын ала көрсеткіші 82, 5 млн тонна болды. Ол 11 айға шаққанда 101,8%-ті құрап отыр. Жалпы жылдық жоспар 89 млн тоннаны құрайды. Қазір болжап отырғанымыздай, біз бұл жоспарды асыра орындаймыз. Яғни, өнім көлемі 90,5 млн тонна болады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,2%-ті құрайды.