376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Жамбыл облысында 15 жоба іске қосылады

  • 271
  • UPD: 22:56, 06.12.2019
Биыл Жамбыл облысында 15 жоба іске қосылады

Биыл Жамбыл облысында жалпы құны 89 миллиард теңгені құрайтын 15 жоба іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал 2025 жылға дейін 69 инвестициялық бастаманы жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде аймақ басшысы Асқар Мырзахметов хабарлады. Оның айтуынша, облыс баламалы қуатын өндіру бойынша республикада алдыңғы орында. Бұл бағытта биыл 5 жобаның құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімінің өсуінде де өңір үздік келеді. Сондай-ақ екі жыл ішінде 95 ауылда 95 бастапқы медициналық нысан салынып, мәселе 100%-ке шешілді. Өңір тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында облыста пилоттың жоба қолға алынып, Үкіметтен қолдау тапты.

Асқар Мырзахметов, Жамбыл облысының әкімі:

- Жасырын емес, жан басына шаққандағы табыс бойынша қараған кезде Әулиеата өңірі сол төменгі көрсеткіштердің бірі екені белгілі. Биылдың өзінде қабылданған бюджетке қарамастан, бюджетті нақтылау кезінде 7,2 млрд теңге қаражат бөлінді Бүгінгі таңда біз қаржыны алдық. Сол 7,2 млрд теңге пилоттық жоба ретінде әр ауданнан бір-бір ауылдық округ, ондағы отбасылардың саны немесе ауланың саны 8500-дей. Онда 48 мың адам. Сол берілетін несиенің жеңілділігі, оның айталық қолжетімділігі 2,5%-тік үстемақымен беріліп отыр. Бүгінгі таңда өзіңіз білесіз, ондай несие жоқтың қасы.

Хабар 24 телеарнасы