377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы алыс-берісті қалай арттыруға болады?

  • 194
  • UPD: 18:58, 09.12.2019

Екі елдің сақа сарапшылары қазір осы сауалға жауап іздеп жатыр.

Мамандар арнайы клуб құрып, тың зерттеулерін ортаға салды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қазақ пен қырғыз бір туған. Екі ел бұрыннан қоңсы қонған. Дәстүрі бір, тілінде де ұқсастық бар. Бірақ экономикалық байланысы бәсең дамуда. Көп жағдайда пікірлері қайшы келеді. Көрші мемлекеттердің алыс-берісі қарқынды дамымай жатыр. Мұны сарапшылар мына фактормен байланыстырады.

Әсет Ордобаев, саясаттанушы:

- Әріптестеріміз кеден мәселесінде қарама-қайшылық бар дейді. Ашықтық жоқ. Шекарада кедергі көп. Соның кесірінен сауда саласы кенжелеп тұр. Осыларды жойсақ, алыс-беріс көлемі артар еді.

Банк секторы, бірлескен кәсіпорындар, тауар айналымы және екі елге ортақ бизнес жобалар. Сарапшылар қазір осы салаларды дамытуға жіті мән беріп отыр. Олар сараптама әзірлеп, қауіп-қатерін анықтап, жаңа жобаның нобайын әзірлеуде. Ең озық дегендері екі елдің Үкіметіне жолданады.

Кубат Рахимов, Қырғыз Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі:

- Екі мемлекет Еуразиялық экономикалық одаққа мүше, бірақ кедендік тексерістер көп. Сол жұмысқа қыруар қаржы бөліп жатырмыз. Бұл мәселені енді кедендік бақылауды бірлесіп жүргізу арқылы шешуге болады. Ол үшін ортақ талап және тараптар арасында ымыра болуы керек. Оның еш қиындығы жоқ. Екі елдің басшысы жақында маңызды құжаттарға қол қойды. Кедендік бақылауды бірлесіп жүргізуді Ыстықкөл бағытынан бастаған дұрыс.

Екі мемлекет осындай келісімге келсе, Орталық Азиядағы өзге елдерге де үлгі болар еді. Олар да бұл тәжірибені өздеріне енгізеді. Әлем алпауыттарының осы аймаққа ақша құюға әзір екенін ескерсек, тың шешімнің барлық тарапқа тиімді болары сөзсіз.

Дастан Сейілханұлы, Бақыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы