376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық жастар қарасорадан қағаз пакет өндіруді ұсынып отыр

  • 198
  • UPD: 08:23, 10.12.2019
Қарағандылық жастар қарасорадан қағаз пакет өндіруді ұсынып отыр

Жастардың барлығы «Жас кәсіпкер» мектебінің түлектері. Әуелде мұнда 65 студент оқыса, соның 12-сі алған білімдерін әрі қарай дамытып, түрлі бизнес жобалар жасаған.

Әзірге тек қағаз жүзіндегі идеялар сан-саланы қамтиды. Бірі қарасорадан қағаз пакеттер жасауды ұсынса, енді бірі балаларға арнап сұлулық салонын салмақшы. Киім тазалайтын мекеме, асхана, ақыл-ойды дамытатын студия ашуды жоспарлап отырғандар да бар. Бірақ өкінішке қарай, инновациялық, әрі өндіріспен байланысты тың жобалар аз. Көпшілігі басын қатырмай, бар дүниені дамытқысы келеді. Кездесуде кәсіби мамандар жастарға осы жағын ескеруді тапсырды. Айта кету керек, егер жоба өміршең болса кейін қаржыландырылуы мүмкін.  

Меруерт Қасымова, облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

- Қатысқандар ақшалай сыйлық алмаса да, сертификат алады. Сол сертификат бойынша, келесі жылы «Бастау бизнес» жобасы арқылы оқуға қатысып, грантқа ие бола алады. Грант 505 мың. Ал егер идеялары мықты, инновациялық болса, әлеуметтік жағдайды шешетін жоба болса, ол ауылда болсын, ауданда болсын, шағын қалаларда болсын, онда 3 миллионға дейінгі облыс әкімінің грантына қатыса алады.

Хабар 24 телеарнасы