376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Қарағанды облысында 20 мыңнан астам жас жұмысқа орналасқан

  • 198
  • UPD: 08:23, 10.12.2019
Биыл Қарағанды облысында 20 мыңнан астам жас жұмысқа орналасқан

Жыл басынан бері Қарағанды облысында тұратын 20 мыңнан астам жас жұмысқа орналасқан.

Оның 500-ге жуығы ауылға барып, еңбек етуге бел буыпты. Ал 246 адам кәсіп ашу үшін шағын несие алса, мыңнан астам азамат қайтарымсыз грантқа қол жеткізген. Бұл туралы «Жастар жылын» қорытындылаған алқалы жиында айтылды. Жалпы биыл жастардың бастамаларын қолдауға, қазынадан 878 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда 50 процентке көп. Қазір өңірде 1000 студентке арналған 4 бірдей жатақхананың құрылысы басталды. 21 хоккей корты мен 2 спорт кешені ашылған. Ғылыми-зияткерлік жастар клубы жұмысын бастап, түрлі саладағы 87 жоба мемлекет тарапынан қолдау тапты. Жас ақын-жазушылардың алғашқы республикалық форумы мен ауыл жастарының жиыны да жемісті өтті. Бұл күні әр салада белсенділік танытқан 16 жас облыс әкімінің  алғыс хатымен марапатталды. 

Саламат Мүбәрак, «Әуен» ансамблінің жетекшісі:

- Мен үшін осы жыл табысты болды. Жалпы мен ғана емес, бүкіл қазақ балалары, жастар мемлекеттің қолдауында болып, үлкен табыстарға ие болып жатыр. Жастарға көп көңіл бөлініп жатыр. Мен өзім өнер жолында қызмет жасаймын. Өнер мектебінің ішінен ашылған, қыздардан құралған «Әуен» вокалды ансамблім биыл Түркия қаласынан бас жүлде алып келді, 21 мемлекет қатысқан үлкен додада. Енді алдымызда қаншама жоспарлар бар, сол жоспарларға қазір жұмыс жасап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы