426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарапайым заттар экономикасы кәсіпкерлікке серпін берді

  • 977
  • UPD: 15:34, 10.12.2019

Қарапайым заттар экономикасы. Елімізде наурыз айында басталған бұл жаңа бағдарлама кәсіпкерлікті дамытуға серпін беруде. Тек қана Шығыс Қазақстанда аталған бастама қолдауымен  70-тен астам кәсіпорын жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Бағдарлама операторы  ҚазАгро холдингі «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл көрсеткіш алдағы уақытта арта түспек.

2011 жылдан бері ірі қара мал өсіруге ден қойған Жармалық Әбдіраимовтар отбасы бүгінде екі бірдей шаруа қожалығын басқарады Мемлекеттің көмегіне үздіксіз жүгініп келеді. Бастапқыда 15 миллион жарым, одан соң 39, биыл мінеки 38 миллион теңге жеңілдетілген несие алды.

Шыңғыс Әбдіраимов, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Ойлағанбыз,бұл кредиттің соңы қалай болар екен деп, Үкіметтің беріп жатқан көмегіне көп рахмет, сол ақшаны алып, іске асырып жатырмыз.

Осылайша 60-70-тен басталаған мал басы қазір 13  есеге артты. Биыл шаруалар  Қостанайдан 139 бас қазақтың ақ бас сиырын сатып алды.

«ҚазАгро» холдингі «Аграрлық несие корпорациясының» қолдауы  Өскемендегі кәсіпкерлердің сұранысын дөп басты. Құны 700 миллион теңге тұратын  зауыт ашылды. Кәсіпкер оған тек 189 миллион теңге қаражат бөліп,қалғанын жеңілдетілген несие арқылы өтейді. Мекеме тәулігіне 30-50 тоннаға дейін май шығарады.Қазірден бастап экстракция цехі жұмыс істеп тұр. 

Қайырбек Маштаев, май зауытының инженері:

- Жалпы бұл цех біздің өнімімізді барынша сапалы әрі құнарлы етуге септігін тигізеді. Әдеттегі баспалау кезінде жарма құрамында артық май көп қалып қояды. 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы дәл осындай шынайы бастамаларға қолдау көрсетпек.

Гүлнұр Солтанбаева, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ШҚО филиалы директорының орынбасары:

- «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша, өңірде  бүгінгі күнге дейін 900 миллион теңгеге 42 жоба қаржыландырылды. Жыл соңына дейін 500 миллион теңгеге тағы 30 жобаға қаржы бөлу аяқталады.

Бағдарламаның ең басты мақсаты-  отандық өнім көлемін арттырып, агроөнеркәсіп саласын демеу. Мысалы осы май зауытының өнімдері 100 процент экспортқа шығарылуда.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы