411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында индустрияландыру бағдарламасымен 10 инвестжоба жүзеге асырылды

  • 501
  • UPD: 09:09, 13.12.2019

Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауданында биыл қуаты 5 МВТ болатын жел электр станциясы іске қосылып, Ақшұқыр ауылын тоқ көзімен қамтамасыз етуде. Жақында тағы бір желден қуатын алатын станцияның құрылысы Қарақия ауданында басталды. Болашақта тәулігіне 5 МВТ электр энергиясын өндірмек. Жалпы үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасы аясында биыл аймақта 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

Ақтаудағы гидрооқшаулағыш материалдарды шығаратын зауыт кезекті өнім партиясын Ресейге экспорттамақ. Битум қоспасымен жасалған өнім құрылыстың барлық саласына, көпір салуға, ғимараттың іргетасы мен шатырын жабуға дейін қолданылады. Биыл ақпан айында іске қосылған кәсіпорын 9 айдың ішінде 1 мың тоннадан астам өнім шығарған. Оның 65 проценті ел ішіне, қалғаны өзге елдерге экспортталды. 

Дениз Ероғлу, зауыт басшысы:

- Тауарларды қазақстанның барлық жеріне жібереміз. Әзербайжанға, Россияға экспорттаймыз. Осы жылы маусым айында Германияға жібердік. 2020 жылы Тәжікстанға, Өзбекстанға жіберуді жоспарлап отырмыз. Қазір келісім-шартқа қолымызды қойдық. 

Германия компаниясы жобаны жүзеге асыруға 250 миллион теңге жұмсапты. Мұнда 25 жергілікті тұрғын еңбек етуде. Барлығы да Түркияда қайта даярлықтан өтіп, жаңа технологияны меңгерген.

Серікбол Тынышбаев, цех басшысы:

- Басында қарапайым жұмысшы болып келдім, кладовщик болдым. Қазір осы зауыттың цех басшысы етіп тағайындады. Жұмысшылардың үстінен қараймын. Бр отабсындай еңбек етеміз мамандығымыз бойынша. Ең бастысы, біздің мақсатымыз – шыққан өнімдерді бүлдірмей жіберу. 

Қазір инвесторлар үшін түрлі жеңілдіктер қарастырылған Ақтаудағы арнайы экономикалық аймақта 29 жоба жүзеге асуда. Оның 18-і іске қосылып, түрлі өнім өндіруге кіріскен. Тағы 11 зауыттың құрылысы жүріп жатыр. 

Тілеген Едігеев, облыстық инвестиция және туризмді дамыту басқармасы басшысының орынбасары

- Сонымен қатар басқа облыстағы іске асқан жобалардың қатарында «Бест Групп» компаниясының жел электр станциясын құру жобасын атап өтуге болады. Бұл жоба Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылын электр энергиясымен қамтуға бағытталған. 

Жалпы аймақта 2025 жылға дейін 1 жарым триллион теңгеге 40-тан астам инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр. Бұл 7 мыңнан астам тұрғынның жұмыспен қамтылуына жол ашады. 

Авторлары: Гүлмира Әбішева, Ренат Досалиев

Хабар 24 телеарнасы