380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ерекше бақылауға алу керек – Министр

  • 212
  • UPD: 13:29, 13.12.2019
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ерекше бақылауға алу керек – Министр

Қазақстан экономикасындағы өсімі 11 айда 4,4 процентке жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,3 процентке көп. Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осылай деді. Оның айтуынша өсімге негізінен қызметтер секторының дамуы мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру себеп болған. Сондай-ақ министр былтырға қарағанда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шамамен 12 процентке қымбаттағанын айтты. Баға әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Атырау және Жезқазған қалаларында шарықтап тұр. 

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі: 

- Осы және алдағы кезеңдерде орталық және жергілікті атқарушы органдар мынадай аспектілерге баса назар аударуы қажет.

Бірінші. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ерекше бақылауға алу.

Екінші. Инвестициялық жобалар пулын іске асыру.

Үшінші. Шағын және орта бизнесті жандандыру үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалану. Келесі жылдан бастап микро және шағын бизнесті тексеруге мораторий енгізіледі.

Хабар 24 телеарнасы