411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жергілікті бюджеттерге бөлінген қаражаттың 54 млрд теңгесі игерілмеген

  • 329
  • UPD: 14:41, 13.12.2019

Үкімет отырысында Қаржы министрі Әлихан Смайылов осылай мәлімдеді. Айтуынша, биыл аймақтардағы толық жұмсалмаған қаржы былтырғыдан 26 миллиард теңгеге көп. Қазынадан бөлінген қаражатты тиімді игермегендің көшін 12 миллиардпен Түркістан облысы бастап тұр.

Еліміздің 3 мегаполисіндегі жағдай да осыған ұқсас. Нұр-сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларының әрқайсысы шамамен 7-8 миллиард теңгені мақсат бойынша жұмсап үлгірмеген.    

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрі:

- Осы қаражаттар орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және жеткізілетін таурлардың бекітілген кестеден кеш қалуына, шарттардың жасалмауына,конкурстық рәсімдердің ұзақ өткізілуіне байланысты игерілмеді.

Хабар 24 телеарнасы