430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швейцарияның 40 компаниясы Қазақстан нарығында жемісті жұмыс атқарып келеді

  • 634
  • UPD: 10:00, 16.12.2019

Швейцарияның ауқымды 40 компаниясы Қазақстан нарығында жемісті жұмыс атқарып келеді. Ал қалған кәсіпкерлер инвестиция салуды жоспарлап отыр. 

Бернде өткен Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты қабыладауда еліміздің Швейцариядағы елшісі Әлібек Бақаев осылай деп мәлімдеді. Құрметті қонақтарды қарсы алған саясаткер, Қазақстан мен Швейцарияның сыртқы саясаты ұқсас екенін айтты. Ал Санди Тоқанова мен Ирина Грибаустың орындауындағы ән кештің көркін қыздыра түсті.

Жан-Поль Перия, Қазақстанның Швейцариядағы Құрметті консулы:

- Біздің көптеген компаниямыз Астана Халықаралық қаржы орталығымен тығыз байланыс орнатқан. Швейцария Президенті Ули Маурера жақында Қазақстанда ресми сапармен болғанын білесіздер. Сол кезде меморандумға қол қойып, Нұр-Сұлтанда біздің кеңсемізді ашуға келістік. Барлық қазақ халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 

Кристиан Рэй, «Rey Group» компаниясының президенті:

- Президентіміздің сапары барысында екі келісімге ҚОЛ қойдық. Соның бірі туризм саласындағы қонақ үйлерді санатына қарай бөлу. Яғни туризм саласы швейцариялық және халықаралық стандартқа сай келуін, жаңа жұмыс орындарының ашылуын қадағалайтын боламыз. Тәуелсіздік алған 28 жыл ішінде сіздер тамаша нәтижеге жеттіңіздер. Біз Қазақстан халқына толағай табыс тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы