376,72 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысына инвестицияның рекордтық көлемі тартылды

  • 209
  • UPD: 15:31, 16.12.2019

Қарағанды облысы алдағы тышқан жылын зор табыспен қарсы алғалы отыр. Өңірдің өңдеуші өнеркәсібінде өсім бар. Қаншама зауыт-фабрикалар іске қосылды. Ал аймаққа тартылған инвестициялар көлемі бойынша биыл жаңа рекорд орнатылды. Сонымен индустриялды өңірдің жыл ішіндегі жетістігі қандай? 

Ардақ Асылханұлы, тілші:

-Қарағанды облысының экономикасына биыл 700 миллиард теңгеден астам инвестиция құйылған. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Өңірде жыл басынан бері ондаған кәсіпорын іске қосылды. Соның бірі ферроқорытпа зауыты. Әзірге отандық кәсіпорын ферросилиций өндіруден дүниежүзі бойынша алтыншы орында тұр. Жылдың тағы бір жаңалығы – аймақта 3 бірдей күн электр станциясы ашылды. Қазір еліміз бойынша өндірілетін баламалы электр қуатының 50 проценті Қарағанды облысының үлесінде.

Алмас Айдаров, облыс әкімінің орынбасары:

- Қазір 2 пайыз өсім көріп отырмыз. Жылдың аяғына дейін, желтоқсан айын алғанда 104-105 пайыз өсім болады деп болжап отырмыз өнеркәсіпте. Шамамен бір оншақты үлкен-үлкен кәсіпорындар іске қосылды. Егер инвестицияларды алатын болсақ, осы жыл Қарағанды облысы үшін рекордтық жыл деп айтуға болады. Инвестиция 700 миллиардтан асады. Бұлардың 90 пайызы жекеменшік болып табылады, олардың жартысы шетелден келген инвестициялар. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қанатқақты жобасы биыл Қарағанды облысында жүзеге асты. Осылайша тұрғындар дәрігерлік көмектің қымбат түрлеріне қол жеткізе бастады. Тек екі айдың ішінде ғана өңірдің 6 мың тұрғыны жоғары технологиялы диагностикалық тексерістен өткен. Бұл емдеу мекемелерінің жұмысын толық сандық жүйеге көшірген соң мүмкін болып отыр. 

Ержан Нұрлыбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Биыл біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында аауықымды жұмыстар атқардық. Бірнеше емхана мен оңалту орталықтары ашылды. Онкологиялық диспансерді заманауи қондырғылармен жабдықтау жөнінде келісімге қол қойдық. Сондай-ақ аурухана аумағынан операциялық-реанимациялық блок салынатын болды. Ал Ұлытауда алдағы көктемде орталық аурухана құрылысы басталады. Облыстық балалар ауруханасының құрылысын да алдағы жылы аяқтаймыз. 

Ардақ Асылханұлы, тілші:

- Қарағанды облысының биылғы жылғы тағы бір жетістігі - 9 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі ашылған. Осылайша 200 мың адам еңбекпен қамтылып отыр. Олардың басым көпшілігі қызмет көрсету, құрылыс, сауда салаларында.  

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин

Хабар 24 телеарнасы