419,78 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда аяқ киім қымбаттады

  • 1095
  • UPD: 12:47, 18.12.2019
Қазақстанда аяқ киім қымбаттады

Қазақстанда аяқ киім бағасы айтарлықтай өскен, деп хабарлады Тенгри ньюс Еnergyprom.kz.сайтына сілтеме жасап.

Сараптамалық ұйымның мәліметінше, елімізде аяқ киім өндірісі жылына 9 пайызға өскен, бірақ тұтынудан бұл көрсеткіш 3 пайызға аз болып отыр екен. Сондықтан оның бағасы тым қымбат.

Балалар аяқ киімінің бағасы 9 пайызға өсті. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда былғары және оған жататын өнім өндірісі жылына 4,5 пайызға өсті және 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында 8,6 миллиард теңгеге жетіпті, бұл ретте өнеркәсіп өндірісінің индексі өткен жылдың ұқсас кезеңіне 98,4 пайызға жеткен, бұл нақты шығарылым көлемінің төмендегенін көрсетеді (бір жыл бұрын - 103,3 пайыз). Жалпы, 2018 жылы өндіріс 10,2 миллиард теңгеге жетті. Сектордағы барлық шығарылымның 40 пайыздан астамы Алматыға – 3,5 миллиард теңге, екінші және үшінші орындар Жамбыл (1,4 миллиард теңге) және Алматы (782,4 миллион теңге) облыстарына тиесілі. Солтүстік Қазақстан облысы (13,6 миллионнан 390,3 миллион теңгеге дейін) және Нұр-сұлтан (4,9 миллионнан 75,4 миллион теңгеге дейін) айтарлықтай жылдық өсім көрсетті. Жылқы және ІҚМ терісінен жасалған былғары өндірісі бір жыл ішінде 31,4 пайызға, 135,4 миллион шаршы дм-ға дейін өсті. Аяқ киім өндірісі 8,8 пайызға, 957,4 мың жұпқа дейін өсті, оның 676,5 мың жұп – былғарыдан жасалған аяқ киім (бір жыл ішінде + 5 пайыз). Өндірістің өсуіне қарамастан, жалпы сұраныстағы қазақстандық аяқ киімнің үлесі тең емес: үш тоқсанның қорытындысы бойынша бір жыл бұрынғы сияқты, небәрі 2,7 пайыз. Сегмент сыртқы жеткізілімдерге толық тәуелді: импорт сұраныстың 97 пайыздан астамын жауып, бір жыл ішінде 10 пайызға, 29,4 миллион жұпқа дейін өсті. Жоғары импортқа тәуелділікті ескере отырып, аяқ киім айтарлықтай қымбаттайды: жылына бірден 8,1 пайызға артық. Бұл ретте биыл қараша айында инфляцияның жалпы деңгейі 2018 жылдың тиісті айына 5,4 пайызға тең болған. 2019 жылдың қарашасында тұтынушылық сегменттер бойынша: ерлер аяқ киімі – 8,8 пайызға, әйелдер – 7 пайызға, балалар аяқ киімі 9,4 пайызға өсті. ҚР өңірлері арасында ерлердің аяқ киіміне бағаның ең едәуір өсуі Жамбыл облысында (+18,9 пайыз) және Нұр-сұлтан (+14,3 пайыз) және Шымкент (+11,7 пайыз) қалаларында; әйелдер аяқ киіміне – Жамбыл облысында (+13,3 пайыз), Шымкент қаласында (+13,1 пайыз) және Қызылорда облысында (+12,6 пайыз) белгіленді. Балалар аяқ киімі Алматы (+14,1 пайыз), СҚО (+12,9 пайыз) және Қызылорда облысында (+12,6 пайыз) едәуір қымбаттады.

Хабар 24 телеарнасы