430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сербия: ЕАЭО-мен бірігудің еш саяси астары жоқ, тек экономикалық қажеттілік

  • 456
  • UPD: 11:03, 20.12.2019

Олардың таңдауы – Еуразиялық экономикалық одақ.

Сербия соңғы уақытта экономикалық интеграция бағытын басқаша құрып, тізгінді кері бұрып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойды. Балқан мемлекеті Еуразиялық одаққа ауылшаруашылық, ет, тоқыма өнімдерін жеткізіп, туристік ынтымақтастықты дамытуға дайын. Брюссельдің Сербияның қадамдарына көзқарасы қандай?

Балқан елінің евроинтеграциясы қызметтік романға ұқсайды. Еуроодақ пен Сербияның одаққа қосылу мәселесі ондаған жылға созылғанымен нәтиже бермеді. 1999 жылы Слободан Милошевич билігі құлап, Югославия тараған соң Белград алғашқылардың бірі болып АҚШ пен Еуропаның жеңілдігін алды. Сербиядан импортталатын кей тауарларға кеден салығы жойылды. Содан бері Еуроодақ жыл сайын бұл елді ұйымға тартқанымен қажетті құжаттарға қол қоюға келгенде ынта танытпады.

Драгана Митрович, Белград университетінің профессоры:

- Сербия Еуропалық Одаққа қосылғысы келетінін ешқашан жасырған емес. Бұл Белградтың стратегиялық мақсаты. Бірақ оның мерзімі әлі айқындалмаған. Брюссельде Сербия қашан және қандай жағдайда ұйымға мүше болатыны туралы нақты мәлімдеме де жасалған жоқ. Бұл процесс ұзаққа созылғандықтан, Еуразиялық экономикалық одақпен ынтымақтастықты дамыту қолға алынды.

Сербия билігінің қадамын халықтың көп бөлігі қолдап отыр. Еуропамен келіссөз қоғамда сенімсіздік туғызған. Президент Вучич жақында Косовоның тәуелсіздігін танығысы келмейтінін ашық білдірді. Мәселені Еуроодаққа қосылу ісімен байланыстыру мемлекеттің егемендігіне қол сұғу деп бағаланатынын жеткізді.

Жанна Архипенко, саясаттанушы:

- Сербия әрдайым Ресеймен экономикалық байланысты нығайтуға талпынған. Бұл оның дамуына көмектесті. Себебі, Сербия көп жыл санкциялар жағдайында өмір сүріп, экономикасы ондаған жыл тұралап қалды. Сербия Еуразиялық экономикалық одаққа көп тауар ұсына алады. Бірақ оны бәрі бірдей білмейді.

Ресми Белград Еуразиялық экономикалық одақпен бірігудің еш саяси астары жоқ, тек экономикалық қажеттлік екенін айтады. Сербия одақ елдеріне жеміс-жидек, тоқыма және ет өнімдерін жеткізуге келісті. Туризм мен білім саласында да ынтымақтастық нығайту жоспарда бар. 

Авторлары: Александр Грэс, Дмитрий Лукша, Драгон Лука

Хабар 24 телеарнасы