430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция кәсіпкерлері Қазақстанға инвестициялар көлемін арттырды

  • 381
  • UPD: 12:49, 20.12.2019
Франция кәсіпкерлері Қазақстанға инвестициялар көлемін арттырды

Елдеріміз арасындағы тауар айналымы да өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Парижде Франция мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың биылғы нәтижелерін қорытындылады. 20 жыл бойы елімізде жұмыс істеп жүрген Total компаниялар тобы жетекшілерінің бірі Достық орденімен марапатталды. Осылай Қазақстан өкіметі осы алпауыт компанияның экономикамыздың дамуына қосқан үлесін бағалады. Жалпы биыл Францияда жергілікті кәсіпкерлердің үлкен қызуғышылығын туғызған Қазақстанның үш инвестициялық форумы өткен болатын. Парламентаралық ынтымақтастықтың жиегі кеңейіп, Қазақстанның мәдени маусымы өтті. Бұл шара аясында Франция тұрғындарының назарына қазақстандық фильмдер фестивалі, концерттер мен көрмелер ұсысынлды.

Арно Брейяк, «Total» компаниялар тобының вице-президенті

Биыл Қашағанда өндіріс көлемі жоспарланғаннан асып кетті. Сол себептен бұл жыл Қашаған мен Total үшін жақсы өтті деуге болады. Ақтау маңындағы Донға мұнай кенішіндегі үш жаңа жобаға инвестиция құя бастадық. Сонымен қатар өндірісті арттыру үшін Қашағанда инвестициялаудың жаңа кезеңі бойынша жұмыс істеп жатырмыз.

Жан Ғалиев, Франциядағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі:

Франция бүгінде стратегиялық серіктесіміз екенін іс жүзінде дәлледеп келеді. Инвестициялар бойынша жаңа жобалар бастап елімізге технологиялар мен жаңа идеяларды тартып жатыр. Өз тәжірибесімен белсенді бөлісіп, осы ынтымақтастығымызды ұлғайтуға ниетті. Келесі жылы мұнан да үлкен жетістіктерге жетеміз деген үмітіміз бар. Өйткені елімізге бірақатар маңызды сапар жасалатынын күтіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы