448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда билік өкілдері Жаңа жыл мерекесінің шығынын азайтуға ниетті

  • 319
  • UPD: 22:57, 20.12.2019

Атырауда жергілікті билік өкілдері жаңажылдық дайындыққа кететін шығынды үнемдемек. Бұл мақсатқа биыл 18 млн теңге бөлініп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есеге аз. Қалған қаржы қайда жұмсалады? Қала мерекені қалай қарсы алады?

Атырауда күндіз 6 градус жылы. Дегенмен, мерекелік көңіл-күйдің лебі есіп тұр. Арнайы қызметтер қаланы безендіруге кірісіп кетті. Басты шырша дәстүр бойынша Махамбет пен Исатай атындағы орталық алаңға орнатылады. 

Әлібек Науаров, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

- Көп қаражат кетпейді. Яғни биыл бөлінген қаражат жалпы көлемі 18 млн теңге. Ал үнемделген қаражат көбіне қаланың әр бөлігінде орналасатын кіші архитектуралық кескіндерге жұмсалатын болады. 

Қаржы басты шыршадан үнемделеді. Биыл билік өкілдері оны сатып алмай, былтырдан қалған қылқан жапырақты ағашты орнататын болды. 

Ақылбек Рысқалиев, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

- Биылғы жылы Атырау қаласының тұрғындары мен қала қонақтарына жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау мақсатында халықтың көп шоғырландырылатын 6 аймағына жаңа жылдық шыршалар орнатылады. 

Атыраудағы Жаңа жылға арналған негізгі мерекелік шаралар басты алаңда өтеді. Қала тұрғындарын Аяз ата мен Ақшақар құттықтап, жергілікті өнер жұлдыздары концерттік бағдарлама береді. Кеш мерекелік отшашумен аяқталады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Виктор Сутягин

Хабар 24 телеарнасы