425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысындағы моноқалада өнеркәсіп көлемі артты

  • 545
  • UPD: 10:00, 22.12.2019

Алматы облысындағы моноқалалардың бірі – Текеліде жыл басынан бері өнеркәсіп өндірісінің көлемі 17,2 млрд теңгеге жетті.

Ал нақты көлем индексі – 104,4 пайыз. Жоңғар Алатауының баурайындағы кеншілер қаласы үшін әрине бұл үлкен жетістік. Онда мың шақты адамды жұмыспен қамтып отырған кен байыту комбинатымен қатар жылыжай кешендері кеңейтіліп, жиһаз құрастыру ісі қолға алынған. Алдағы жылы индустрияны дамыту және инвестиция тарту бағытында тағы бірнеше жаңа кәсіпорын іске қосылады. Солардың бірі еліміздің ішкі нарығы үшін болат пішінді құймалар шығаратын зауыт. Оған 433 млн. теңге көлемінде инвестиция тарту көзделген. Жаңа кәсіпорын 30 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Ал әк өндіретін екі зауыттың құрылысына 225 млн теңге инвестиция бағытталмақшы. Ол кәсіпорындардың бірінде – 20, екіншісінде 10 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Бақтияр Өнербаев, Текелі қаласының әкімі:

- Жыл бойы 404 млрд 700 млн инвестиция тартылды осы 10 айдың ішінде 2019 жылы. 464 жұмыс орыны құрылды. Енді бұл инвестициялық жобаларды біз ары қарай жалғастырамыз. 2020 жылы біз 6,5 млрд теңге инвестиция тартамыз деп жоспарлап отырмыз. 470 жұмыс орнын ашайын деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы