378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Маңғыстау облысының агробизнес саласына 5 млрд теңге инвестиция салынған

  • 165
  • UPD: 07:59, 23.12.2019
Биыл Маңғыстау облысының агробизнес саласына 5 млрд теңге инвестиция салынған

Оның тең жартысына жуығы жеке, қалғаны өңірдің ауыл шаруашылығын көркейтуге мемлекеттен төмен пайызбен берілген несие қаражат, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басында мақұлданған үш ірі жобаның құрылысы кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Олар келер жылы Түпқараған және Мұнайлы ауданында іске қосылады деп күтіліп отыр. Нәтижесінде 300-ге тарта жұмыс орны құрылмақ. Фабрика мерзімінде ашылса, ішкі нарықты жылына 5 мың тонна құс етімен қамти алады. Ендігі жылы Мұнайлыда тағы бір құс фабрикасы салынады. Құны 5 млрд теңгелік жоба бір жылдан соң пайдалануға берілуі тиіс.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы кенже дамыған аймақтағы 320 шаруа қожалығына қазынадан қосымша бір млрд теңгедей субсидия берілген.

Серік Қалдығұл, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Үш жобаның құрылысы басталды. «Ақтау-Агро» дейтін құс фабрикасы, Байсырымов дейтін жеке кәсіпкер жылыжай салып жатыр. Сосын жем-құрам зауыты. Солар іске қосылады деп жобалап отырмыз. 2020 жылы аяқталып, іске қосылады. Құс фабрикасының өзінде 120 жергілікті адам жұмыспен қамтылады. Жылыжайда 20 шақты адам, жем зауытында 50 шақты адам жұмыс жасайтын болады. Өндірістер іске асқанда, шыққан шығындарына да судсидия береміз.

Хабар 24 телеарнасы