380,93 420,00 6,10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында 40 млрд теңгенің 14 жобасы жүзеге асырылды

  • 163
  • UPD: 08:41, 23.12.2019
Қостанай облысында 40 млрд теңгенің 14 жобасы жүзеге асырылды

Қостанай облысында соңғы бес жылда 14 жоба жүзеге асырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың жалпы құны 40 миллиард теңге.

Шетелдік инвесторлардың қолдауымен агроөнеркәсіп кешені, машина жасау, құрылыс саласында бірнеше жаңа кәсіпорындар ашылды. Қазір сол өндіріс орындары бірте-бірте қуат алып келеді. Мысал ретінде Беларусь тракторларын құрастыратын зауытты айтуға болады. 2018 жылы кәсіпорын 45 техниканы шығарса, биылғы көрсеткіші одан он есе артық. Мұнда өндірістің отандық үлесін жақын болашақта 50%-ке дейін жеткізу көзделіп отыр.

Андрей Гомаюнов зауыт директоры:

- 2022 жылға дейін өндірісті кеңейту үшін зауыт аумағы 8 мың шаршы метрге ұлғайтылады. Трактор кабинасын құрастырып, бояу толық осында жасалатын болады. Бұл өндірістің қазақстандық үлесін біден 18%-ке көтеруге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы