410,70 456,25 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда Нидерланд капиталының қатысуымен 900-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді

  • 344
  • UPD: 10:35, 23.12.2019

Нидерланд Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан бері ел экономикасына 92 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл орайда 2019 жылы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық серіктестік тек еселене түскенін айта кетейік. Жалпы Нидерланд – еліміздің басты инвестициялық серіктестерінің бірі. Бүгінде Қазақстанда нидерландық капиталдың қатысуымен 900-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Өткен жылғы тараптар арасындағы өзара алыс-беріс 6,5 миллиард АҚШ долларын құраған. Сенімді серіктестік энергетика, қаржы секторы, көлік логистикасы, ауыл шаруышлығы бағытында орнады. Алдағы уақыттта IT саласы бойынша – технология, ақпаратты өңдеу, блокчейн-технологиясын дамытып, ғарышта ортақ ғылыми зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр.

Жоз Ден Боер, «Farm Frites Kazakhstan» компаниясының бас директоры:

- Біз Қазақстанның оңтүстігінде қытырлақ картоп-фри және өзге де өнімдерді шығаратын зауыт салмақпыз. Бұл өңір жобаны жүзеге асыру үшін өте қолайлы. Ауа райы жайлы, картопты егіп, суаруға жағдай жасалған. Қазақстан инвесторлар үшін өте мықты әлеуетке ие. Әсіресе, әлемдік нарықтағы ауыл шаруашылығы саласында үздік ойыншының бірі.

Хабар 24 телеарнасы