378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Қазақстанның топ-инвесторлары қатарына енді

  • 306
  • UPD: 13:51, 23.12.2019

Түрік елі еліміздің топ-инвесторлар қатарына енді.

Ағымдағы бірінші жартыжылдығында Қазақстан экономикасына құйылған түрік инвестицияларының көлемі 85%-ке артып, 275 миллион АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 500 миллион долларға жеткізу көзделген. Сондай-ақ аталмыш меже қос ел басшыларының қабылдаған «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасына сәйкес жүзеге асып отыр.

Айта кетейік, Түркия – Қазақстанның Еуразиядағы негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі. Елімізде түрік капиталының қатысуымен 4200-ден астам кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Үкімет басшысы Асқар Маминнің қараша айындағы сапары аясында құны 1,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын 18 құжатқа қол қойылды. Қазақстанға инвестиция жасаушы компаниялардың пікірінше, елімізде инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалған.

Альп Малазгирт, Yilmaden холдингі бас директоры, инвестор:

Қазақстанметаллургия саласында тәжірибесі мол ел. Сондықтан бұл салада жұмыс істеу оңтайлы. Алайда, ауа- райы шарттары 12 ай бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік бермейді. Осы себепті, бір жылға арналған жоспарды 4-5 айда аяқтауға тура келеді. Алдағы уақытта да бұл мәселеге жақсы механизм табамыз деген ниеттеміз. Қазір еліңізде 5 аймақта әртүрлі салаларда жұмысымыз қарқынды жүріп жатыр. Алдағы уақытта Ақмола облысында табиғи газ дәлізі мен Таразда сода өндіруші зауыт ашуды көздеп отырмыз.

Каан Кемал, Экермен Ronesans холдингі басқарма мүшесі:

- Қазақстанда инвесторларға арналған шетелдік мекеме-орталық-өңір форматында үш деңгейлі жүйесі жұмысымызды жеңілдетті. Еліңіздің елшілігі арқылы жобамыз туралы толыққанды ақпаратқа қол жеткіземіз. Бұл біз үшін өте маңызды. Қазақстанда бірқатар құрылыс жұмыстарын атқардық. Келесі мақсатымызмемлекеттікжекеменшік әріптестік негізінде аурухана құрылысын бастау. Біз тап осы жоба бойынша Түркияда 4 аурухананы іске қостық.

Хабар 24 телеарнасы