377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің тауарлары алпауыт онлайн дүкендерде сатылады

  • 158
  • UPD: 18:29, 23.12.2019

Қытайда Қазақстан тауарларын сататын сауда үйі ашылады. Ол халық ең тығыз орналасқан Ухан қаласында орналаспақ.

Бұл туралы еліміздің сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, бүгінде Қытайға экспортымыздың жалпы құны 1,3 миллиард долларға жуықтайды. Бұдан бөлек Шанхайда өткен импорт көрмесінде 30-дан астам отандық өндірушінің тауары таныстырылып, 150 миллион долларға келісім жасалды. Сондай-ақ экспортты ілгерілету мақсатында онлайн сауданы дамытуға да басымдық берілген. Осының арқасында әлемдік интернет дүкендеріне еліміздің бірнеше компаниясының тауарлары ұсынылды. 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- «Интернет-экспорттаушы мектебі» бағдарламасы іске қосылды және 2020 жылдың басына қарайц 50 кәсіпорын «Алтын өнім беруші» мәртебесімен «Alibaba» халықаралық платформасына шығарылады, ал 6 компания «Ebay» мен «Etsy»-де таныстырылды. Одан әрі «Alibaba» алаңында қазақстандық павильон құру жоспарланып отыр, бұл осы платформада біздің тауар өндірушілердің санын арттыруға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы