427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2020 жылы Қазақстан экономикасы қандай болады – министр болжамы

  • 812
  • UPD: 18:40, 24.12.2019
2020 жылы Қазақстан экономикасы қандай болады – министр болжамы ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2020 жылы ел экономикасының дамуына қатысты болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Ұлттық экономика министрлігі келесі жылға сенімді қадам басып отыр. Менің ойымша, 2019 жылы атқарылған істер 2020 жылдағы жақсы өсімге негіз болады. Оған қажетті жағдайлар жасалған», - деді Р.Дәленов.

Ол ағымдағы жылы аймақтарды дамыту бағдарламасынан бастап бизнесті дамыту, ИИДМБ-мен аяқтай отырып, көптеген мемлекеттік бағдарламаның өзектендірілгенін еске салып өтті.

Министрдің бағалауынша, бұл келесі жылғы экономикалық өсімнің жақсы бастауы болмақ.

Бұдан бұрын ол өткен жылғы қазан мен қарашада ЖІӨ-нің өсімі 4,1%-ті құрағанын және 2018 жылдың 4,1% өсіммен аяқталғанын хабарлаған болатын. Ағымдағы жылғы қазан мен қарашада экономика өсімі 4,4%-ті құрады. Сондықтан желтоқсандағы өсім одан төмен болмайды деуге негіз бар. Осы орайда, атап айтар жайт, ағымдағы жылы экономика өсімінің динамикасы өрлеу трендіне ие. Бұдан бөлек, өңдеу өнеркәсібіндегі оң өсімге де назар аударылды.

Негізгі салалардағы өндірістің артуы, ішкі сұраныстың кеңеюі мен қызмет көрсету секторының дамуы, сондай-ақ инвенстициялық жобаларды жүзеге асыру экономика өсімінің негізгі факторлары болды.

Хабар 24 телеарнасы