381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі автожолдардың интеллектуалды жүйесін дамытуға инвестиция салынады

  • 232
  • UPD: 10:57, 25.12.2019
Еліміздегі автожолдардың интеллектуалды жүйесін дамытуға инвестиция салынады

Қазақстандағы автожол саласының интеллектуалды жүйесін дамытуға 25 миллиард теңге инвестиция салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-министрі Асқар Маминнің қатысуымен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен Far Eastern Electronic Toll Collection Co. LTD компаниясы және қазақстандық «Computer Vision Technologies» серіктестігінің консорциумы арасында инвестициялық шартқа қол қойылды. Осының негізінде республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдары ұзарады. Шартқа сәйкес консорциум республикалық маңыздағы 11 мың шақырым автокөлік жолдарына төлемақы алу жүйесін енгізеді. Жобаны іске асыру 2 кезеңнен тұрады. Алдымен, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі, ал 2021-2024 жылдары «Қарағанды – Балқаш – Алматы», «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» жолына ақылы жүйе енгізіледі. Төлемақы алу жүйесін қазақстандық және тайвандық мамандар бірлесіп әзірлеген. Ол шлагбаумсыз – ашық болады.

Хабар 24 телеарнасы