378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Самұрық-Қазына» АХҚО-мен ынтымақтастықты дамытуға ниетті

  • 157
  • UPD: 22:15, 24.12.2019
«Самұрық-Қазына» АХҚО-мен ынтымақтастықты дамытуға ниетті

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» «Астана» халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастықты дамытуға ниетті.

Бұл туралы акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді. Қор басшысы келесі жылы «Эйр Астана», «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком»" компанияларын IPO/SPO-ға шығару керектігін атап өтті. Осыдан соң қорды жекешелендіру бағдарламасында «Қазақстан темір жолы» ұлттық тасымалдаушысын IPO-ға шығару ғана қалады. Бұл енді 2023 жылға жоспарланған. Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов те «Самұрық-Қазынамен» өзара серіктестікке қызығушылық танытты. Қазірдің өзінде «Қазатомөнеркәсіп» акциялары табысты өтіп жатыр. 2020 жылы бағалы қағаздар шығару тұрғысынан «Самұрық-Қазына» мен «Астана» халықаралық қаржы орталығын жаңа деңгейге көтеру жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы