418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысы Рысқұлов ауданында жастар «Бастау бизнеспен» кәсіп ашты

  • 649
  • UPD: 11:41, 25.12.2019

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында кәсіпкерлікке қызығатын жастар көбейді. Биыл 200-ден астам адам «Бастау бизнес» жобасымен оқып, бірқатары мемлекеттік қаржылай қолдауға ие болды. Дені мал шаруашылығына бет бұрған. Қазір шағын бизнеспен өндірілген өнімдердің ішкі нарықты қамту үлесі артып отыр.

Ауылда кәсіп бастағандардың бірі Нұрдәулет Жұмағұлов. Жас кәсіпкер бұған дейін 10 жыл бойы қалада жұмыс істеп, тәп-тәуір табыс тапқан. Алайда туған жерге деген сағынышы басым түсіп, ауылда іс бастады. «Бастау бизнес» жобасымен оқып, 6 миллион теңге жеңілдетілген несие алды. Оған 20 бас жылқы сатып әкелді. 

Нұрдәулет Жұмағұлов, кәсіпкер:

- 5 жылға алдым. Айма-ай процентін беріп тұрамыз. Ал негізгі соманы келесі жылы төлейміз. Каникулымен ғой. 2 жыл каникулы бар. Оған дейін төлін өсіріп, байлап ақшасын дайындаймыз. 

Қазір өндіріп отырған еті мен сүті көршілерінен артылмайды.  Сұраныс өте жоғары. Кәсіпкер бүгінгі күнге дейін жергілікті нарыққа 5 тоннадай ет шығарған. Жалпы Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша биыл 29 жасқа дейінгі жастарға 10 грант қарастырылып, 20 миллионнан астам теңге қайтарымсыз қаржы берілді. Одан бөлек қосымша жоба ұсынған тұрғындар да қамтылып отыр. 

Бақытжан Қалыбаев, Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары:

- Қазіргі таңда 325 адам заявка беріп, 225 адамды оқытып, сертификат қолдарына бердік. Сертфикат берген 25 адамның қазір 75-і несие алды. Қазір бізде ауданда 4300 дей шағын, орта кәсіпкерлер бар. Сол 4300-і қазір қайтадан талдау жасап қайсы кәсіпкерлер өзін-өзі алып кеткендерді түсініп отырмыз. Ал өз-өздерін алалмай отырғандарды талдау жасап қайтадан оздоровление дейді ғой енді сонымен жұмыс істеп жатырмыз. 

Жалпы облыста бүгінде 70 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тұрақты жұмыс істеп тұр. Онда 125 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Биыл осы шағын кәсіпорындарда 167 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, қызмет көрсетілген. 

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы