375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин: Ірі қара басын көбейтіп, сиыр етінің өндірісін арттыру – міндет

  • 214
  • UPD: 20:51, 25.12.2019

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен етті мал шаруашылығын дамыту жөнінде өткен кеңесте ауыл шаруашылығы министрі осы бағытта қабылданып жатқан шараларды баяндады.

Сапархан Омаровтың айтуынша, жем-шөп өндірісіне ерекше көңіл бөлінеді. Жем-шөп дақылдарының алқабын биылғы 3,3 млн гектардан 2021 жылға қарай 4 млн гектарға дейін жеткізу көзделген.

Айта кеткен жөн, бүгінде елде 7 млн 100 мыңнан астам ірі қара бар. Оның ішінде сүтті ірі қара – 4 млн 700 мың бас, етті бағыттағы ірі қара – 2 млн 300 мыңға жуық. Жыл сайынғы ішкі мал басының өсімі 5% төңірегінде. Елімізде қазір 113 бордақылау алаңы бар. Биылдың өзінде 52 мың бас малға арналған 24 бордақылау алаңы салынған. Осы мақсатта «Агроэкспорт» бағдарламасы сәтті жүзеге асып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы