422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кентау трансформатор зауытында роботтар жұмыс істейді

  • 1039
  • UPD: 12:39, 31.12.2019
Кентау трансформатор зауытында роботтар жұмыс істейді

2020 жылдан бастап Түркістан облысындағы Кентау транформатор зауытында роботтар жұмыс істейді.

Биыл кәсіпорын мемлекеттен арнайы грант ұтып алып, 1 млрд теңгеге 2 құлтемір сатып алған. Қаңтар айынан бастап жұмысқа қосылады. «Швецариядан әкелінген ақылды роботтар дәнекерлеу және өнімді жинаумен айналысады. Екеуі 100 адамның жұмысын атқарады» - дейді зауыт мамандары. Бүгінде кәсіпорында 1 мың 250 адам 3 ауысыммен жұмыс істейді. Олар трансформатордың 800-ден астам түрін шығарады. Ал зауытқа роботтардың әкелінуі – жұмысшылар санын қысқартуды емес, керісінше бәсекеге қабілеттілікті арттырып, еңбек өнімділігі мен жұмыс сапасын жақсартуды көздейді. Сондай-ақ зауыт 5 жылдан бері жапондық жүйемен басқарылады. Соның нәтижесінде шығын көлемі 10 пайызға қысқарған. 60 жылдық тарихы бар кәсіпорын жылдан жылға өнім көлемін 15 пайызға артырып келеді. Мәселен өткен жылы 24 млрд теңгенің өнімін өндірсе, биыл 27 млрд теңгенің мүлкін шығарған. Айта кетейік, зауыт өндірілген өнім көлемінің 40 пайызын, әлемнің 20-дан аса мемлекетіне тасымалдайды. Алдағы 5 жылда, экспорттық әлеуетті 60 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Хайрулла Қожабаев, трансформатор зауытының басқарма төрағасы:

- Тәуелсіздік жылдары біз экспортқа шығаратын өнімдеріміздің де санын көбейттік. Айтар болсақ, Моңғолия, Еуропа, Чехия, Латвия, Украина, Белоруссися, Армения, Әзербайжан, оңтүстігіміздегі Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан сияқты мемлекеттеге біз өзміздің шығарған өніміміздің 40 пайызын экспортқа жіберіп жатырмыз. Бұл біздің ұжымның, еліміздің жетістігі.

Хабар 24 телеарнасы