425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдіктер жаңажылдық сыйлыққа қанша ақша жұмсайды?

  • 647
  • UPD: 11:13, 31.12.2019
Шетелдіктер жаңажылдық сыйлыққа қанша ақша жұмсайды?

Жаңажылдық сыйлықтарға ең көп қаржы жұмсайтын елдер тізімінде АҚШ бірінші орында тұр.

Американдықтар сый-тартуларға 7,5 миллиард доллар шамасында жұмсаған. Ал ең үлкен жеңілдіктер жасалатын жұма күні онлайн-сауда түрі 20%-ке өскен. Бұл күні жалпы құны 3 миллиард долларды құрайтын смартфон сатылған.  Статистикаға сәйкес, әрбір америкалық отбасы сыйлықтарға 1,5 мың доллар жұмсайды. Ал Еуропада сыйлық алу үшін АҚШ-қа қарағанда азырақ шығынданады. Испания мен Ұлыбританияда базарлық құны орта есеппен 600 еуродан асады. Көрші Ресей халқының үштен бір бөлігі жаңа жылдық тартуларға 10 мың рубльден артық жұмсамайтынын айтқан. Ал қазақстандықтар 10 мен 50 мың теңге аралығындағы сомаға сыйлық алатыны анықталған.

Хабар 24 телеарнасы