377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында биыл 8 мың тонна ет экспортқа шығарылмақ

  • 171
  • UPD: 14:30, 05.01.2020
Алматы облысында биыл 8 мың тонна ет экспортқа шығарылмақ

Алматы облысында ірі қара саны өткен жылмен салыстырғанда 4,5 процентке өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал ет көлемі 18 процентке көбейген. Өндірілген өнім Қытай, Ресей, Иран, Ауғанстан, Қырғызстан және Өзбекстанға сатылды. Жалпы 6 мың 800 тонна ет экспортқа шығарылған. Сала мамандары алдағы жылы бұл көрсеткішті 8 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта 10 мал бордақылау кешені ашылып, 100 мың ірі қара өсіріледі. Сонымен қатар бірнеше ет комбинаты мен құс фабрикасы іске қосылмақ. Қазіргі таңда өңірдегі 102 шаруашылықта 25 мың ірі қара бордақыланып отыр. 8 құс фабрикасы жұмыс істеп тұр. 

Серікбай Ерназаров, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Іле ауданында германиялық Бауман фирмасы қой етін өңдеуден кәсіпорын салуға инвестиция құйып жатыр. Алғашқы жұмыстары басталып кетті. Келесі жылы 24 мың тонналық құс кәсіпорны іске қосылады.

Хабар 24 телеарнасы