377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі көксеркенің сүбесі сыртқа экспортталып жатыр

  • 109
  • UPD: 10:17, 06.01.2020

Алматы облысының Алакөл ауданында биыл балық өңдеу зауыты ашылады. Мекеме қазіргі өндіріс орнының жанынан құрылмақ. Көксеркені қабылдап, сүбесін сатылымға шығаратын серіктестіктің жұмыс істей бастағанына үш жыл болды. Осы уақыт аралығында кәсіпорын басшылары шетелдіктермен әріптестік байланыс орнатып, өнімін Еуропаға экспорттап жатыр.

Үшаралдағы балық зауыты тәулігіне 3 тонна көксеркенің сүбесін шығарады. Өндіріс орны еуростандарт негізінде жұмыс істейді. Шикізат  өңдеудің бірнеше сатысынан өтіп, тоңазтқышта қатырылады. Содан кейін  қорапқа салынып шетелге жөнелтіледі. 

Ирина Онищук, зауыттың өндірістік директоры:

- Балық аулау рұқсат берілгеннен кейін біздің жұмыс қыза түседі. Яғни маусым айынан бастап, жаңа жылға дейін тоқтамаймыз. Осы кезде қажет көлемдегі балықты қабылдап үлгереміз. Содан кейін өңдей бастаймыз. 

Аудан тұрғындарының 100 шақтысы осында  еңбек етіп жатыр.  Жұмысшыларға төрт уақыт тамақ тегін беріледі. Одан өзге де әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. 

Ирина Даниярова, жұмысшы:

- Үш жылдан бері еңбек етіп келеміз. Жұмысшылар үшін қолайлы жағдай жасалған. Әлеуметтік жеңілдіктердің барлығы сақталған. Жалақы уақытылы беріліп отырады. Көңілім толады.  

Алакөлде көксерке аулауға тыйым салынған. Сондықтан балық  Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көлінен жеткізіледі. Қалыптасқан жағдайға қарамастан кәсіпкерлер өндірісін әртараптандырып,  ауқымын ұлғайтпақ. 

Тілеубек Алтыбаев, зауыт директоры: 

- Алакөлдің балығын өңдейтін зауыт салып жатырмыз. Ол да жақын күндері ашылады. Мына окунь, сазан, карась, лещ өңделмей жатыр ғой. Тек қатырылып жіберіледі. Соны ұқсатсақ тағы да жұмыс орындары ашылады. 

Зауытта балық сүйегін ұнтақтау ісі өндірістік жолға қойылып отыр. Болашақта одан мал азығына қажет құрама жем шығарылатын болады.    

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Гүлнәр Жантасова, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы