375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алакөл ауданындағы ет өңдеу комбинаты өнімін шетелге шығарады

  • 106
  • UPD: 21:51, 07.01.2020

Жақын күндері Алматы облысы Алакөл ауданындағы ет өңдеу комбинаты өз өнімін шетелге шығара бастайды. Өткен күзде ашылған  кешенде жылына 5 мың бас ірі қара сойылады.

Алакөл ауданындағы бұл кешен 5 мың бас ірі қараға арналған. Қазір онда ангус деп аталатын Зеңгі баба төлі бордақыланып жатыр. Тез семіріп, жылдам ет алатындықтан шаруашылық басшысы сиырдың осы тұқымын өсіруге ден қойыпты.   

Александр Ковалев, шаруашылық директоры:

- Бордықылау алаңында 3800 бас ірі қара тұр. Күніне екі рет скл. силос арпа шөп береміз. Скл. бір тәулікті 1,5 екі келіге дейін салмақ қосады. Скл біздің мақсатымыз малды он екі айда ұстап санын көбейтуге тырысамыз. 

Александр Ковалев алдағы уақытта ірі қара санын 10 мыңға жеткізуді көздеп отыр. Бордақыланған малдың барлығы сойылып, еті өңделетін болады. Ол үшін арнайы шұжық цехі және бірнеше ғимарат салынған. Комбинатты тоқтаусыз жұмыс істету мақсатында жергілікті тұрғындардан да сиыр сатып алынбақ.  

Асқар Мұқашев, жоба үйлестірушісі:

- Келесі жылы кімге бұқа бердік солар бұзауын бізге әкеп өткізетін болады. Біз оларды сойылғанға дейін тексеріп, бақылауіда ұстаймыз. Яғни қандай вакцина егілді, не жеді барлығын білетін боламыз. Жоғары сапалы ет болғандықтан еш алаңсыз шетелге экспорттаймыз. 

Осыған дейін комбинатта ет өңдеу жұмыстары сынақ ретінде жүргізіліп, жоғары сұрыпты шұжық жасалған. Өнім экспортқа жіберілді. Енді шаруашылықтағылар жүйелі жұмыс істеуі үшін 15 мың бас ірі қараға арналған қосымша кешен салуды жоспарлап отыр.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Гүлнәр Жантасова, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы