429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алакөлдік шаруалар Ресейден 1 мың бас ірі қара әкелді

  • 678
  • UPD: 15:19, 08.01.2020
Алакөлдік шаруалар Ресейден 1 мың бас ірі қара әкелді

Алматы облысы Алакөл ауданының шаруалары Ресейден бір мың бас ірі қара әкелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалмақ сиыры қазір таулы аймаққа жерсіндіріліп жатыр. Қыстың қақаған суығына төзімді жануар күй талғамайды. Яғни жылы қораны қажет етпейді. Төбесі жабық қалқа болса болғаны. Шаруашылық жетекшісі енді етті бағыттағы асыл тұқымды орталық құруды жоспарлап отыр. Ол үшін бұқаларды қожалықтарға сататын болады. Жалпы өткен жылы ауданға шетелден 2 жарым мың Зеңгі баба тұқымы әкелінді. Негізінен ангус пен герефорт, сонымен қатар қалмақтың қызыл сиыры да бар. Қазір аймақта 4 ірі репродукторлық кешен жұмыс істеп тұр.

Дарын Нағашыбекұлы, Алакөл ауданының тұрғыны:

– Ресейдің Бурятиясынан әкелдік. Қалмақ малы. 400 жылдық тарихы бар. Табиғи сұрыптаудан өткен. Менің ойымша, нағыз қазақтың сиыры. Ыстыққа, суыққа төзімді мал. Тебіндеп жайылады. Міне, осы уақытқа дейін жайылып келді. Кешеден бері жем шөпке қойдық.

Хабар 24 телеарнасы