376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық кәсіпкер әйел «Даму» қорының қолдауымен екі балабақша ашқан

  • 50
  • UPD: 10:12, 09.01.2020

Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға арналған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы 31 желтоқсан күні соңғы өтініштерді қабылдайды. Бірақ еліміз бойынша мыңдаған кәсіпкерлік нысандарының дамуына мүмкіндік берген бұлбағдарлама, тоқтап қалмайды. Қазір «Бизнестің жол картасы 2025» деп аталатын жаңа бағдарламаның негізі жасалып жатыр» дейді «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының өкілдері.

Даму кәсіпкерлікті ҚҚ бірінші бағыт бойынша жұмыс ауқымын кеңейтуді көздейді. Күләнда Уәлиханқызы осыдан он жыл бұрын жекеменшік балабақша ашуға кіріседі. Сол мақсатта баспанасын сатып, 50 орынға есептелген балабақшаның іргетасын қалады. Ал 2011 жылы «Даму» қорының қолдауымен 125 балаға арналған екінші балабақшаны ашады. 

Күләнда Уәлиханқызы, кәсіпкер:

- Жаңа ғимарат салуға несие алып отырмыз. Қазір құрылыс басталып кетті. Осы мектептің жалғасы болмақ. Сондықтан кәсіп ашамын деген кісілерге қорқыныш емес, талпыныс керек деп ойлаймын. Тек қана алдына қарап, өзіне өзі сенімді болып, білімді болып, тілдерді меңгеріп жүрсе ешқандай қиындық болмайды деп ойлаймын. 

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы  аясында он жылда 15 мың жоба субсидияланды. Қаржыландыру көлемі екі жарым триллион теңгені құрады. 

Сәуле Әбішева, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры субсидиялау департаментінің директоры:

- Бағдарламаны байыпты іске асыру тетіктері қалыптасты. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысуға кіріскен жандарды қолдау үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы жұмыс істейді. «Даму» қоры арқылы кәсіпкер 20 млн теңгеге дейін қаржылай қолдауға жүгіне алады. Бұл ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталып отыр. 

«Бизнестің жол  картасы 2020» бағдарламасы  осы жылмен аяқталмайды. Енді оның жалғасы ретінде «Бизнестің жолкартасы 2025» бағдарламасы әзірленуде. 

Авторлары: Алмас Садуақас, Радик Жақыпов

Хабар 24 телеарнасы