379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауар 0,1% қымбаттаған

  • 225
  • UPD: 08:56, 14.01.2020
Елімізде әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауар 0,1% қымбаттаған

Жаңа жыл басталмай жатып елімізде азық-түлік бағасының артқаны байқалды.

Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауар кемінде 0,1 процентке қымбаттаған. Мәселен, ағымдағы жылдың алғашқы аптасында қарақұмық 1 процентке, жұмыртқа 0,7 процентке өсті. Дәл осылай май, ірімшік, пияз, картоп және сәбіздің де бағасы өзгергені анықталып отыр. Ұлттық банктің мәліметінше, бұл факторлар елдегі инфляцияға тікелей әсер етеді. Мәселен, өткен жылы ет пен нан өнімдері айтарлықтай қымбаттап, теңгенің құнына өз ықпалын тигізген еді. Бірақ Ұлттық банк биылғы инфляция белгіленген 4 пен 6 процент аралығында сақталатынын алға тартады.  

Хабар 24 телеарнасы