375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде агроөнеркәсіп саласының дамуына не кедергі

  • 154
  • UPD: 23:59, 15.01.2020

Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Қазагро» ұлттық басқарушы холдингінің жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абылай Мырзахметов сөз басында елде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін субсидияға 2 триллион теңге бөлінгенін, бірақ саладағы көрсеткіштер өспеген атап өтті. Тіпті әлемдік деңгейден де төмен. Еліміз импортқа тәуелді. Өңдеу ісі кенжелеп тұр. Тек малды тірідей экспорттаймыз. Бұл жағдай еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Соңғы бес жылда субсидия беру ережесі 47 рет өзгертілген. Бұл қалыпты жағдай болып қалған. Шаруалар құжаттарын енді жинай бергенде, әлгі қағаздар өзгеріп шыға келеді. Мемлекеттік органдар арасында үйлестіру ісі жоқ деді Абылай Мырзахметов. Ал елімізге белгілі шаруа Иван Сауэр ветеринарлық жүйе әлсіз деді. Шетелдік емес, өзіміздің ақ бас сиырларды өсіру керектігін де айтты. Кездесу барысында техникалалық сервис сөз болды. Бұл қызметте де кемшілік бар. Шетелдерде сынған техниканы жөндеуге 3 сағат кетеді. Ал бізде техникаларды қалыпқа келтіру үшін 12 күннен 3 айға дейін уақыт керек. Өз кезегінде Сенат Спикері бұл орайда мемлекеттік қолдау қажет. Қымбат сервис тауардың өзіндік құнына да әсер етеді. Бұған жол бермеу керек. Трактор құрастыратын станцияларды дамытуға басымдық берген жөн деді. Жиынды қорытындылаған кезде Дариға Назарбаева агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған бағдарламаларды қайта қарау керектігін айтып, Сенат комитетіне бірқатар тапсырма жүктеді.

Хабар 24 телеарнасы