443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банк қолданыстағы 1000 теңгелік банкнотқа қатысты мәлімдеме жасады

  • 315
  • UPD: 13:09, 17.01.2020
Ұлттық банк қолданыстағы 1000 теңгелік банкнотқа қатысты мәлімдеме жасады old.elorda.info

ҚР Ұлттық банкі 1000 теңгелік банкноттың қолданысына қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Елорда Инфо аталған банкке сілтеме жасап.

«Kүлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 теңгелік банкноты заңды төлем құралы болып табылады және айналыста болу мерзімі шектелмеген, бұл банкноттар айналыстан табиғи тозу шамасына қарай алынады. Бұл банкнотты қабылдаудан бас тартқан кәсіпкерлік субъектілер мен коммерциялық емес ұйымдарға ескерту жасалады. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде мұндай жағдай қайталанса, кәсіпкерлерге 5-тен 25 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады», – делінген хабарламада.

Банк таратқан мәліметке сүйенсек, 1000 теңгелік банкнотты қабылдаудан бас тартылған жағдайда, тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлттық банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет.

«Бейнежазба жасауды не банкнотты қабылдаудан бас тартудың жазбаша негіздемесін талап етуді ұсынамыз», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы