376,17 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО: инвесторлардың қаржысымен жүзеге асырылатын жобалар таныстырылды

  • 154
  • UPD: 09:24, 18.01.2020
БҚО: инвесторлардың қаржысымен жүзеге асырылатын жобалар таныстырылды

Батыс Қазақстан облысында инвесторлар қаржысымен жүзеге асатын 5 бірдей жаңа жоба таныстырылды. Олардың қатарында балық шаруашылығын өрістету, жаңа спорт және туристік кешендерін салу сияқты тың жобалар бар.

Мысалы, құны 31 миллион еуро болатын жоба аясында жайын балықтарын өсіретін аквакешен салынбақ. Бәйтерек ауданында жылына 1 мың тонна балық өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндіретін қайта өңдеу кешенін іске қосу көзделіп отыр. Сонымен бірге, орал қаласында 550 орындық жеке орта мектеп құрылысы инвесторлар қаржысы есебінен жүзеге асады. Ал облыс орталығында салынатын  600 орындық спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы жабдықталған залдар болады.   

Махамбет Сұлтанғалиев, компанияның атқарушы директоры:

-Спорткомплекс пректы қазіргі таңда көпфункционалды болады. Біріншіден, баскетбол секциясы, футбол, гандбол, дзюдо, джиу-джитсу мен боксқа арналған залдар болады. Оған бұйырса инвесторымыз бұған 600 миллиондай бұл проектыге салады. Сонымен қатар мемлекет тарапынан бұған көмек болады. Бұл спорткомплекс бұйырса, 10 шағын ауданда орналасады орал қаласының.

Батырбек Әбділдин, жобаның коммерциялық директоры:

- Туристік кешен деп айтамыз, осы БҚО бірінші болып басталғалы жатыр. Оның ішінде 60 орындық қонақүй және гольф ойнайтын жер бар. Және де ол жерде яхтклуб болады және жас балаларға академиялық болады, футбол, волейбол, баскетбол ойнайтын жерлері болады. Және 100 үй салынады.

Хабар 24 телеарнасы