419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдық кәсіпкерлер салық жеңілдігі туралы хабарды қуанышпен қарсы алды

  • 779
  • UPD: 13:52, 21.01.2020
Оралдық кәсіпкерлер салық жеңілдігі туралы хабарды қуанышпен қарсы алды

Батыс Қазақстан облысында 26 мыңдай кәсіпкер салыққа қатысты жеңілдіктерді зор қуанышпен қабылдап отыр. Шағын және орта бизнес субъектілерін табыс салығынан босату олардың өз кәсібін өрістетуіне мүмкіндік бермек.

Салықтық жеңілдіктер өз ұжымында 15 адамды жұмыспен қамтыған және жылдық табысы 300 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлерге қатысты. Сонымен қатар салықтық тексерістерге 3 жыл мораторий жариялаудың да маңызы зор. Бірыңғай жер салығы бойынша салық салу объектісіндегі өзгерістер, тіркелген салықты жою және талап қою мерзімінің қысқаруы да өңірде шағын және орта кәсіпкерліктің екінші тынысын ашуға жол ашады дейді мамандар. 

Бауыржан Қайдаров, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

- Бұл шара БҚО кәсіпкерлеріне 3 жыл ішінде 12 миллиард теңгеден астам қаражат үнемдеуге және босаған қаражаттарды өз кәсібін дамытуға жұмсауға мүмкіндік береді. Бұл акция 20 мыңға жуық шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің субъектірелін қамтиды. 

Гүлбаршын Әбдірахманова, кәсіпкер: 

- Малый бизнеске беріп жатқан  қазіргі уақытта льготалар нағыз керек деп есептеймін. Себебі төлеп жатқан салықтар өзім отчеттарын тапсырып қабылдап жатқан соң бәрін көріп отырмын. Сосын мына малый бизнес алып келетін импорттарына тоже льгота болмайды, соларға тоже қиынау деп есептеймін. Соны қарастырса бәрімізге жақсы болар еді.

Хабар 24 телеарнасы