375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роман Скляр неміс бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесті

  • 232
  • UPD: 15:44, 21.01.2020
Роман Скляр неміс бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесті

Осы жылдың 20 қаңтарында Германия Федеративтік Республикасының Дортмунд қаласында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың неміс бизнесінің өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуге 40-тан астам неміс компанияларының басшылары қатысты.

«Екіжақты қарым-қатынас тәжірибесі Германияның сенімді серіктес екенін көрсетеді. Біз бір орында тұрмаймыз және сізбен бірге барлық бағыт бойынша ынтымақтастықты кеңейту және дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер тапқымыз келеді. Қазақстанда герман капиталының қатысуымен 1000-нан астам кәсіпорын жұмыс істейді», — деп атап өтті Р.Скляр өз сөзінде.

Үкімет басшысының орынбасары екі ел арасындағы серпінді бизнес-ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктеріне, неміс инвестицияларын тартуға, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі нақты мәселелерді талқылауға және Қазақстан экономикасы үшін аса маңызды бағыттарға тоқталды.

Өз кезегінде Герман экономикасының Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Оливер Гермес бүкіл әлемге танымал неміс өндірушілері – Siemens, Dillinger Hüttenwerke AG, OTTO Fuchs KG, DMT Group және т. б. екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығын қарқындатудың маңыздылығы туралы айтты.

Тұтастай алғанда, кейінгі жылдары машина жасау, құрылыс, химия, энергетика, ЖЭК, агроөнеркәсіптік кешен, сауда, шикізат кен орындарын игеру салаларында және экономиканың басқа да секторларында 2 млрд еуродан астам сомаға бірлескен инвестициялық жобалар іске асырылды. Олардың 90%-дан астамы «шикізаттық емес» секторға тиесілі.

Хабар 24 телеарнасы