376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақша айырбастау пункттері былтыр 500 рет заң талаптарын бұзған

  • 141
  • UPD: 21:25, 22.01.2020
Ақша айырбастау пункттері былтыр 500 рет заң талаптарын бұзған

Өткен жылы еліміздегі жекеменшік ақша айырбастау пунктері тиісті заң талаптарын 500 рет бұзған. Бұл туралы бүгін Ұлттық Банк өкілдері хабарлады. Тек 2019 жылдың екінші жартысында 178 валюта айырбастау орыны тексеріліп, 140-тан астам заң бұзушылық анықталған.

Олардың 80 проценті «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңды» елемеген. Ал кейбіреулері клиенттердің мәліметтерін керек қылмаса, кейбіреулерінде күзет қарастырылмаған. Жарғылық капиталды басқа мақсатқа жұмсағандар да болыпты. Енді кәсіби талаптарға салғырт қараған кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейді. «Бірінші ақпаннан бастап ақша айырбастау пункттерінің жұмысына қатысты енетін өзгерістер осындай кемшіліктерді түзету үшін жасалып отыр» дейді Ұлттық Банк өкілдері.

Жомарт Қажмұратов, ҚР Ұлттық банкі қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры:

- Енгізілгелі отырған жаңа өзгерістер ақша айырбастау пунктерінің ашық жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Клиенттер мен ақша айырбастау орындары үшін қауіпсіз болады. Жарғылық капитал тек ақша айырбастау үшін ғана қолданылады. Сондықтан әсіресе кешкі және түнгі уақытта шетел валютасының тапшылығы болмайды.

Хабар 24 телеарнасы