«Самұрық Қазына» компаниясының өткен жылғы таза табысы 1 млрд 256 млн теңгені құрады. Бұл жоспардағы көрсеткіштен 38%-ке артық.
Бұған «2018 жылы Елбасы бекіткен жаңа стратегияны қолану арқылы қол жеткіздік» дейді қор басшысы Ахметжан Есімов. Ал акциоекрлік қоғамның қарыздық жүктемесі 2017 жылмен салыстырғанда 1 трлн теңгеге төмендеген. Сыртқы қарызда да осындай үрдіс байқалып, көрсеткіш 5,1 млрд долларды құрады. Елордадағы басқосуда ағымдағы жылдың жоспары да бекітілді. Әсіресе портфельдік компаниялар тиімділігн арттыруға ерекше басымдық берілмек.