425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Асқар Мамин экономикалық даму көрсеткіші төмен өңірлерді атады

  • 907
  • UPD: 11:08, 24.01.2020
Асқар Мамин экономикалық даму көрсеткіші төмен өңірлерді атады Бақ.кз

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Асқар Мамин ел президентіне өңірлердің дамуы туралы баяндады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, әрбір аймақ ел экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады.

– 2019 жылы 8 өңірде, атап айтқанда, ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Алматы, БҚО және СҚО-да, сонымен қатар Алматыда 7 көрсеткіш бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны байқалды. Ал бес өңір көптеген көрсеткіш бойынша артта қалған. Бұлар: Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары, – деді Асқар Мамин.

Қалған төрт өңір, яғни Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе және Түркістан облыстары жылды орташа республикалық деңгейдегі нәтижелермен аяқтаған.

Хабар 24 телеарнасы