376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде күн сайын 37 млрд теңгенің қолма-қолсыз ақша аударымы жасалады

  • 149
  • UPD: 15:38, 24.01.2020
Елімізде күн сайын 37 млрд теңгенің қолма-қолсыз ақша аударымы жасалады

Өткен жылы елімізде қолма-қол ақшасыз төлемдер саны екі есе артқан. Қазақстандықтар күн сайын 37 миллиард теңгеге транзакция жасайды. Бұл туралы президенттің қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досев мәлімдеді.

Досаевтың айтуынша, мұндай өсімнен бюджет үшін нәтиже байқалмайды. Сонымен қатар Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк тәуекелдер мониторингін жалғастырады деді қаржы ұйымының басшысы. Кемшіліктер анықталған жағдайда оларды жою бойынша тиісті шаралар қолданылады деді Досаев. Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы акцияларға инвестициларды көбейтіп, дамыған елдердің құнды қағаздарына қаржы құюды азайттық деді. Бұл арқылы өткен жылы Қазақстанның валюталық табысы 4,2 миллиард долларды құраған.

Хабар 24 телеарнасы