418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шавкат Мирзиёев ЕАЭО-ға мүшелікке қатысты мәлімдеме жасады

  • 316
  • UPD: 19:24, 25.01.2020

Өзбекстанның Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше болуын осы елдің депутаттары шешеді. Халықтың мүддесін ескеріп, бұл интеграциялық бірлестікті жан-жақты зерттеп, саралап, Парламенттің қос палатасында талқылау қажет. Бұл Президент Шавкат Мирзиёевтің пікірі.

«Өзбекстан көлік қызметтері нарығында өз орнын табуы тиіс. Ал ол үшін интеграция керек», - дейді ол. Алдағы бірнеше жылда ала шапанды ағайын көлік транзитінің әлеуетін арттырып, жүк тасымалын 7 млн тоннадан 16 млн тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр. 

Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының президенті:

- Біздің шекарамыз 20 жыл бойы жабық болды. Осы уақыттың ішінде көрші мемлекеттер көлік транзитінің көлемін әлдеқайда арттырып алды. Ал бұл сала бізде тұралап тұр. Қайта біздің де транзиттік әлеуетіміз бар. Жолдарымыз бар. Енді Өзбекстанның да бұл нарықта өз орнын алатын уақыты келді. Бірақ біз Еуразиялық Экономикалық Одақпен байланыс орнату мәселесін терең зерттеуіміз қажет. Ең бастысы, осы орайда халықтың мүддесін ескеруіміз міндет. 

Қазір Өзбекстан сыртқа жіберетін жүктің 80 проценті Қазақстан, Қырғызстан және Ресей арқылы тасымалданады. Дайын өнімінің 50 проценті осы елдерге экспортталады. Ресми Ташкенттің Еуразиялық Экономикалық Одақпен ынтымақтастық орнатуға ынталы болуы содан.

Хабар 24 телеарнасы