426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бәйтерек» холдингінің әкімшілік шығындары 54 млрд теңгеден асқан

  • 570
  • UPD: 22:05, 25.01.2020

Ұлттық компаниялар жұмысының тиімділігі үнемі мемлекеттік әрі қоғамдық бақылауда болуы тиіс. Экономика ғылымдарының докторы Вячеслав Додонов осылай дейді. 

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жормат Тоқаев квазимемлекеттік сектордың жұмысын сынға алды. Мысалы, «Бәйтерек» холдингінде екі мың сегіз жүз қызметкер бар екен. Холдингтің әкімшілік шығындары 54 миллиард теңгеден асқан. Тек жұмысшылардың жалақысына 24 миллиард теңге төлеген.

Сарапшының айтуынша, бұл үлкен шығын, экономика үшін бір теңге де маңызды. 

Вячеслав Додонов, экономика ғылымдарының докторы:

- Біздің экономикада квазимемлекеттік және мемлекеттік сектордың үлесі өте үлкен. Егер барлығын есептесек, мемлекеттің қатысы бар компанияларда 300 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бұл шамамен жұмысқа қабілетті азаматтардың 3,5 проценті. Холдингтік компаниялардың активтері Ішкі жалпы өнімнің жартысына жетіп қалды. Яғни үлесі басым. Президент Тоқаевтың экономикадағы мемлекеттің және холдингтердің ролін азайту туралы жиі айтуы да сондықтан. Олар профильдік емес активтерден бас тарту керек.

Хабар 24 телеарнасы