411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


200 теңгелік тиындар айналымға шықты

  • 961
  • UPD: 10:45, 28.01.2020
200 теңгелік тиындар айналымға шықты

Номиналдық құны 200 теңгелік монеталар айналымқа шықты, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2020 жылғы 28 қаңтарда 2020 жылғы үлгідегі номиналдық құны 200 теңгелік тиындарды айналымға шығарады.

Монеталардың дизайны Қазақстан Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 арлығында бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына әйкес орындалды. Биколорлы айналыстағы монеталар дизайнының стилистикасында шығыс және батыс мәдениеттерінің көркемдік элементтерінің үйлесімі көрініс береді.

Биколорлы айналыстағы монеталардың сипаты: монеталардың сыртқы сақинасы нейзильберден жасалған, ішкі дискі никельді жезден дайындалған. Қыры тегіс және бедерлі секторлармен кезектесіп отыратын 16 ойықпен бедерленген. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы, айналдыра эмитент елді білдіретін QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY деген жазба бейнеленген. Монетаның төменгі жағында соғылған жылын білдіретін 2020 деген жазу бар. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде номиналын білдіретін және номинал цифрының кескінін қайталайтын көлденең сызықтар бедері аясында орындалған 200 деген жазу бар. Монетаның жоғарғы және төменгі бөліктерінде тік сызықтар түрінде орындалған ою-өрнек кескіндері. Монетаның төменгі бөлігінде тарамдалған сызықтар аясында орындалған, ұлттық валютаның мәтіндік атауын білдіретін TEŃGE деген жазу, монетаның сол жақ бөлігінде QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI эмитент банкті білдіретін QUB аббревиатурасы бар. Монетаның оң жақ бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі (логотип) бейнеленген.

Металл құрамы: нейзильбер/нибрасс

Массасы: 7,5 грамм. Диаметрі: сыртқы сақинасы – 26 миллиметр, ішкі дискі – 18,3 миллиметр, қалыңдығы – 1,90 миллиметр.

Айта кетейік, номиналы екі жүз теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және айналымнан табиғи тозу шамасына қарай алынады.

Хабар 24 телеарнасы