377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбедегі екі мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады

  • 86
  • UPD: 15:31, 30.01.2020

Биыл екі мыңға жуық ақтөбелік «Еңбек» бағдарламасы аясында тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Бұл туралы қалалық бос орындар жәрмеңкесін өткізу барысында белгілі болды.

Алғаш рет ұйымдастырылған шарада, құрылыс, сауда, мұнай, білім және қызмет көрсету салалары бойынша 75 ұйым 500-ден астам жұмыс орындарын ұсынды. Әдеттегідей тәжірибесі мол маман іздеген компаниялар жоғары жалақы төлеуге әзір екендіктерін мәлімдеді. Жұмыскерге мұқтаж  Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларының ұйымдары да вахталық әдіс бойынша еңбек етуге дайын адам іздеді. Елге танымал рекрутингтік агенттіктердің шеберлік кластары да жәрмеңкеге келушілердің назарын аударды. Олар жұмыс іздеудің жаңа әдіс-тәсілдері тіпті, әлемге әйгілі компанияларға орналасу мүмкіндіктерін түсіндірді. Мұндай шаралардың тиімділігін айтқан мамандар, биыл Ақтөбеде 10 рет бос орындар жәрмеңкесін өткізуді жоспарлап отыр. Былтырғы акциялардың нәтижесінде, мыңнан астам азамат тұрақты жұмыс тапқан.

Алтынай Маханова, қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы:

- Ақтөбе қаласы бойынша тіркелген жұмыссыздар саны 1800 адамды құраса, оның 200-ге жуығы жұмыс іздеу үстінде. 1600-ге жуық «Еңбек» бағдарламасы аясында белсенді шараларға бағытталған адамдар болып табылады. 200-ге жуық қазіргі таңда теміржол саласы бойынша қысқарту болып жатқандықтан, басым көпшілігін сол кісілер құрап отыр. Егер де мамандықтары бойынша жұмыс табылған жағдайда «Еңбек» бағдарламасы аясында қайта даярлау курсын ұсынамыз. Басқа мамандықтар алып, сол бойынша жұмысқа орналасуға жәрдемдесеміз.

Хабар 24 телеарнасы