423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында қант зауыты фермерлердің адал ақысын бермей отыр

  • 662
  • UPD: 17:27, 30.01.2020

Жамбыл облысында қант қызылшасын өсіретін шаруалар ақшаларын әлі күнге дейін ала алмай сабылып жүр. Жергілікті Меркі қант зауыты 177 шаруа қожалығына 1 миллиардтан астам теңге қарыз.

Келісімшарт бойынша бұл қаражат 90 күн ішінде төленуі тиіс. Алайда қазірдің өзінде 50-ден астам диқанның ақша алатын мерзімі белгіленген уақыттан асып кеткен. Енді шаруалар қаржыны тағы да «көктемгі дала жұмыстарына дайындалатын кезде ала алмайтын болдық» деп алаңдаулы. Олар былтыр да дәл осындай кедергіге тап болған. Салдарынан аймақта балтамыр алқабының көлемі жоспарланған 9 мың гектардан 6 мың гектарға дейін азайып кеткен еді. 

Біржан Пірәлиев, шаруа:

- Біз өткізгелі бері әлі бір адамға бір тиын төлеген жоқ. Көктемгі жұмыстарды бастау керек. Тыңайтқыштар алуымыз керек. Техникамызды жөндеуіміз керек. Бөлшектер алу керек. Соның бәріне ақша жетпейді. Лизингке тракторлар алғандар бар. Техника алған. Солардың кредиттері қылқындырып, бәріне келіп жатыр төлеңдер деп. Ал қант зауыты ақшасын бермейді. Өзіміздің еңбек ақымызды бермей жатыр. Бүйте берсе, ертең оны ешкім екпейді. Біз мемлекеттік бағдарламаны білсек, бәріміз тастаймыз да басқаға ауысамыз. Жүгері егетін шығармыз мүмкін. 

Берік Нығмашев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Егер де 90 күнде төленбейтін болса, қант зауыты әрбір күніне 0,1 процент өсімін төлеп отырады. Ол бұрын болмаған нәрсе. Біз сондай нормаларды енгіздік. Қант зауытының басшылығымен сөйлестік. Олар өткізілген қант бағасының төмендеп кетуіне, оны сату қиындығына байланысты байлап отыр. Бірақ соңғы өткізілген келіссөздер бойынша, 6 ақпаннан бастап тауар өндірушілерге бере бастаймыз.

Хабар 24 телеарнасы