375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО-ның қолданыстағы заңнамасы түбегейлі өзгеруі мүмкін

  • 151
  • UPD: 07:53, 31.01.2020
ЕАЭО-ның қолданыстағы заңнамасы түбегейлі өзгеруі мүмкін

Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасы түбегейлі өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлық заңды құжаттарға сараптаманы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жасамақ. Осыған байланысты Алматыда алдын ала келіссөз өткізілді. Бұл ұйымның құрамында экономикасы дамыған 35 мемлекет бар. Бұған дейін осы ұйым Еуроодаққа мүше мемлекеттер арасындағы құқықтық қарым-қатынас құжаттарын қарастырған.

Серік Жұманғарин, Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі:

- Олардың сарапшылары біздің заңнаманың сараптамасын жасайды. Екіншіден, институционалды схеманы қарайды. Үшіншіден, біздің құқықты қолдануға өзінің тәжірибесін қарастырады. Болашақта біздің бизнестің дамуына, бизнес ахуалды жақсартуға, бәсекелестікті дамытуға әсер етеді деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы